19-20 қазанда «Қарағанды Су» ЖШС ауыз суды тазартады

19-20 қазан аралығында «Қарағанды Су» ЖШС-нің бастамасымен Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ақтас кентінде ауыз суды хлорлау жұмыстары жүзеге аспақ, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Суды тазарту жұмыстары 19 қазан сағат 15.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады. Бұл уақытта берілген суды тамаққа, ішуге және жуынуға пайдаланбаған абзал. «Қарағанды Су» ЖШС өңір тұрғындарын алдын ала су қорын жинап алуға шақырады.