«OPEN AKIMAT»-та қалтқысыз қызмет

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ ОТЫРЫСЫНДА БАСҚАРУ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЖАҢА СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ ҚАЖЕТТІГІН АТАП ӨТКЕН БОЛАТЫН. ОСЫ ОРАЙДА, АЙМАҚТАРДА «OPEN AKIMAT» ФРОНТ-КЕҢСЕСІ АШЫЛҒАН ЕДІ. ҚАРҚАРАЛЫ АУДАНЫНДА ДА АШЫЛҒАН АТАЛМЫШ КЕҢСЕНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ.

«Бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін кеңсесінің басты мақсаты – әкімдік жұмысын ашық, көрсетілетін қызметтерді халыққа қолжетімді ету, электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру. «Open Akimat» фронт-кеңседе жеке және заңды тұлғаларға ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, дене шынықтыру және спорт, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, экономика және қаржы, аппараттың АХАТ, қоғаммен байланыс құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімдері электронды мемлекеттік қызметтерді көрсетуде.

– Жеке және заңды тұлғалар қызметкерлерден көкейде жүрген сауалдарына жауап алғылары келеді. Өзіне қажетті сала мамандарына барып өтініш білдіре алады. «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне келген тұлғаның жеке сәйкестендіру коды мен телефон нөмірін тіркейді. Сол арқылы өтініштің тіркелгендігі мен дайын болатын кезі және жауабы хабарлама ретінде келеді. Барлығы ашық түрде. Мысалы, балабақшаға, тұрғын үйге кезекте тұрған азаматтар өз кезегін күтіп, заңды түрде балабақшаға баласын беріп, не үйлерін тіркей алады, – дейді аудан әкімі аппаратының қоғаммен байланыс, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы Айдос Абзалов. Сондай-ақ, фронт-кеңседе қызмет көрсету бұрышы да бар.

Сағыныш ӘБІЛ. 

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.