Қарағанды

Майқұдықта Әлихан Бөкейхановқа арналған мурал салынды

Майқұдықтағы үйлердің біріне қоғам және саяси қайраткер Әлихан Бөкейхановқа арналған мурал салынды. Портрет Карл Маркс 5 көшесіндегі 9 қабатты үйдің қабырғасына безендірілді, деп хабарлайды Ortalyq.kz тілшісі. 

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Өнер нысаны қалалық урбанистика орталығының бастамасымен құрылған.

Көркем кенеп 10 күнде боялған. Бұл Қарағандыдағы суретпен қоса мәтін қолданылған алғашқы мурал. Онда: “Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан – этнограф, қоғам қайраткері, “Алаш” партиясының жетекшісі” деп жазылған.

Эскиздің авторы – қалалық ғылым орталығының аға сәулетшісі Алексей Волошин.

“Композицияны жасау кезінде Алексей портретті ғана емес, символизмді де қосқысы келді. Суретшілер Әлихан Бөкейхановтың кеудесіне елге еткен еңбегі үшін халық бағасы ретінде шаңырақ орденін тақты”, –  деп хабарлады Орталықтың баспасөз қызметі.

Идеяны AirG командасының суретшілері жүзеге асырды. Жұмыста жоғары сапалы бояулар қолданылды, олар кем дегенде 10 жылға дейін сақталады.

Айта кетейік, биыл Қарағанды қаласында бес мурал салынды.

Басқа материалдар

Back to top button