Бұрын «Ит – адамның досы» дейтін еді. Бәлкім бір кездері ит жарықтықтар адамның досы болса, болған шығар. Өкінішке орай тап қазіргі шақта ит адамның қас жауы болып тұр. Көктемде Ақтоғай ауданында екі бірдей бүлдіршінді ит талап, бір бала шетінеп кеткендігі жайлы «Орталық Қазақстан» газет бетінде айтқан болатынбыз. Міне, күні кеше Ақтоғай ауылында тағы бір баланы ит талап тастады. Дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетіліп, тістелген бетіне ота жасалып, бала аман қалды. Мұндайда қазекең «Құдай қақты» деуші еді ғой. Алайда, итке таланып, шошынған баланың бойында үрей қалғанын бәрібір мойындауымыз керек.
WhatsApp желісінде шу көтерген ауыл тұрғындарына ауыл әкімі Қ.Болғанбаев:
– Мәселеге байланысты құзырлы органның және мекеме өкілдерінің қатысуымен ауылдық қоғамдық ке ңес өтті. Кеңестің хаттамалық ше шімімен аталған мәселе бойынша тиісті шаралар атқарылатын болады. Иттің иесіне айыппұл салынды, – деген сөзімен ауылда ит мәселесі түбегейлі шешімін таба ала ма?
Тағы да сол WhatsApp желісі арқылы аудандық ветеринариялық станцияның бас эпизоотикалық ветеринар дәрігері Б.Даданбаев:
– Құрметті Ақтоғай ауылының тұрғындары! Қарағанды облыстық мəслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы XIII сессиясының 264 шешімі бойынша қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау жəне жою жұмыс тарын аудандық вет станциясы ШЖҚ КМК жүргізіп келген болатын. Кейін жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы ҚР Заңы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы 97 VII ҚРЗ жалпы ережелер талаптарымен жұмыс істеуімізге тура келді. Осы Заң 2022 жылдың наурыз айының 1інен бастап күшіне енді. Жануарларға жауапкершілікпен қарау Заңының 15бабы Жануарларды жансыздандыру жəне олардың өлекселерімен жұмыс істеу 1.Жануарларды жансыздандыруға: жануар (жануарлар) адамға, жануарларға шабуыл жасаған жағдайда жəне (немесе) жануарлар адамның, жануарлардың өміріне немесе саулығына, сондай-ақ қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікке қатер төндіретін өзге де жағдайларда; 26бап. Жануарларға арналған панажайлар. Жануарларға арналған панажайдағы жануарлардың көбеюіне жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдау. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіппен қаңғыбас жануарларға стерилизациялау жүргізуге. Сондықтан ауыл тұрғындары осы заң талабына сай қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап, панажайда ұстау жұмыстары қарастырылуда. Қазіргі кезде аудандық вет станциясы кəсіпорнына қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға рұқсат берілмей тұр. Бүгін ауылдағы баланы ит қауып алғанын естіген соң қарап отырмай ертең таңертең аудандық вет станциясы кəсіпорны тарапынан қолға алып, бір шарасын қарастырамыз – деп түсініктеме беріпті. Мекеме басшысының айтқан істері қашан қолға алынып, қашан жүзеге асады?!
Ауылда өріп жүрген қаңғыбас иттер оған дейін ай қарай ма? Жалпы, кейінгі «үй жануарларын ұстау» туралы ереже көптің ойынан шықпайтыны жасырын емес. Ауыл тұрғындары иесіз, қаңғыбас иттер жойылуы керек деп есептейді. Олар үшін арнайы ұстайтын орын ашып, оларды күтіп, тазалап, егіп қайта босатып жіберу шынында ақылға сыймайтын шешім. Аудан тұрғындары «үй жануарын ұстау» туралы ережеге «қаңғыбас ит пен мысықтарды жою» туралы бапты қайыра енгізуді талап етіп отыр.
Мүсіркеп СЕЙДАХМЕТ.
АҚТОҒАЙ ауданы.