Шахтинск

Ертең облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Шахтинск қаласының тұрғындарымен кездеседі

 облыс әкімі Жеңіс Қасымбек Шахтинск қаласының тұрғындарымен кездеседі

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек 3 қарашада Шахтинск қаласына барады. Жұмыс сапары кезінде өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.

Халықпен кездесу Шахтинск кеншілерінің мәдениет сарайында 15:00-де өтеді. Жеке қабылдау – 16:00-де.

Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 5-38-79 телефоны немесе электрондық пошта арқылы қалдыруға болады: shahtinsk_cancel@krg.gov.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button