Жаңалықтар

Төлқұжат суретінде киім үлгісі қаншалықты маңызды?

Сурет автордан

Мен қазақы тақияны басымнан тастамаймын. Салт-дәстүріміз бен дінімізді қадір тұтқандықтан, мешітке де күнде барамын. Зайыбым да һақ жолында. Таяуда екеуміздің де жеке куәлігіміз мерзімі аяқталатындықтан, жаңасын аламыз. Сол құжат суретіне өзім тақиямен, жұбайым орамал тартып түсуіне бола ма?

Айдар ШАЙБҰЙДАҚОВ.

 ҚАРҚАРАЛЫ қаласы.


Жеке куәлік алу Ішкі істер министрінің 2045 жылғы 10 сәуірдегі №332 бұйрығы бойынша жүзеге асады. Соған орай, «Қазақстан Республикасының паспорттар мен жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес, ер азаматтар төлқұжат фотосуретіне міндетті түрде бас киімсіз түсуі – шарт. Ал нәзікжанды қауым орамал тартып, не болмаса, хиджаб киіп түсуіне рұқсат беріледі, тек бет-жүзі анық көрініп тұруы тиіс. Тағы бір ескеретін жайт – бет-әлпет пластикалық ота, не болмаса, қандай да бір косметологиялық әрекеттер арқылы өзгерсе, міндетті түрде өзін жақсы танитын төрт адамды ертіп келіп, жеке басын куәландыратын хаттама толтырады.

 Әсем ТАШЫМБЕКОВА,

 Қарағанды қаласындағы №1 халыққа қызмет көрсету орталығының маманы.

Басқа материалдар

Back to top button