Саран

Саранда жаңа саябақ ашылды

Саран қаласының тұрғындары қаланың 65 жылдығына орай сыйлық алды. Шахтерлер күні спорттық және ойын алаңдары бар жаңа саябақ ашылды. Бірнеше жылдан бері қараусыз қалып, құлдырап қалған стадион аумағы қысқа мерзім ішінде абаттандырылды. Мердігерлер қалалықтарды сүйікті мерекеде қуанту үшін жұмыстарды жылдам орындауға тырысқан екен. 


– Саран қаласында осыған дейін саябақ болған жоқ. Биыл жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, көлемі 32 мың шаршы метр аумақ абаттандырылды. Нысан негізінен бюджеттік қаражатқа салынды, сондай-ақ демеушілер көмектесті. Бұрын мұнда кеңес уақытында салынған стадион болған. Көптеген жылдар бойы ол бетон дуалмен қоршалып, жабық тұрды, – деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Қожанов. – Екі ай ішінде ол қалыпқа келтіріліп, жөндеу жасалды. Барлық жас мөлшерлерінің қызығушылығы ескеріліп, жөндеу жұмыстары кешенді түрде жасалды. 
Саябақта футбол және баскетбол корттары, волейбол алаңы бар. Велосипед және жүгіру жолдары төселді. Мұнда воркаутерлер мен скейтерлер жаттыға алады. Балалар үшін ойын алаңы жайластырылды. Сонымен қатар үлкен көлік тұрағы қарастырылды.
Жаңа саябақта барлық мерекелік шаралар өтетін болады. Бұрын қалада ол үшін қолайлы орын болмаған. Мерекелік бағдарламалар Мәдениет үйінің алдындағы шағын алаңда өткен және ол үшін Орталық жолдағы қозғалысты жабуға тура келетін. 
Болашақта саябақ көгалдандырылады деп жоспарлануда. Мұнда жаңа ағаштар отырғызылады, гүлзарлар мен аллеялар құрылады.  

Басқа материалдар

Back to top button