#Biz birgemiz!

Іргелі компанияның ілкімді ісі

Елдің ауызбірлігі мен ынтымағы күрделі кезеңде аңғарылады. Мұны бабаларымыз «Ер майданда сыналады» деп бір-ақ түйген. Сол ұстанымдағы «Қазақмыс» корпорациясы басшылығы да қазіргі ахуалда өз жұмысшы-қызметшілерінің көңіліне медеу болу мақсатында ізгі ниетті әрекетті қолға алып, материалдық көмек көрсетуді бастады.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың COVID-19 созылмалы пандемиясы кезеңінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі туралы үндеулерін қолдау мақсатында «Kazakhmys» Holding» («Қазақмыс» Холдинг) ЖШС директорлар кеңесі, еңбекақысы келісім-шарт бойынша жүргізілетін қызметкерлерінен басқа жұмысшы-қызметшілерінің барлық санатына 100 мың теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау туралы шешім қабылдады.

Компанияның бұл бастамасы еңбеккерлерді әлеуметтік және материалдық қолдауға бағытталған іс-шаралардың жалғасы болып табылады. Оның ішінде, 2020 жылдың сәуірінен бастап жалақының ең төменгі деңгейін 140 мың теңгеге дейін көтеру, қызметкерлерді әлеуметтік-материалдық жағынан қолдау қарастырылған. Соған орай, КВИ-мен ауырып, медициналық мекемелерде емделуіне байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағы бойынша қосымша ақы 2020 жылдың мамырынан қызметкердің орташа жалақысы мөлшерінде төленеді.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button