Ресми

Жүз адам жұмыспен қамтылды

Балқашта жылу өтетін жолға арналған тіректер дайындау ісі жолға қойылды. Кәсіпорын сырғымалы, жылжымайтын, бетон тіректер шығарады.

Өндіріс бір ай бұрын «Қоңырат» шағын ауданында жылу өткізетін жол төсеу жобасы бойынша іске қосылды. Кәсіпорында шамамен 40 адам жұмыс істейді. Тағы 60-ы монтаждауға тартылған.

Тіректер дайындау үшін арматура мен табақ металл қолданылады. Ұйымның бетон тіректерді құюға арналған ерітінді жасайтын өзінің бетон зауыты бар. Өндіріс үшін Қарағандыда сатылатын қазақстандық материалдар ғана қолданылады.

Арнайы білдек-гильотинде сырғымалы тіректер үшін детальдар кесіледі. Одан кейін дайын тіректер бояу үшін тазартылады, тегістеледі.

Толық кепкеннен кейін екі түске: қызыл – су беруге арналған және көк – қайтарымды құбыр үшін боялады. Күніне мамандар 30 бетон тірегін дайындайды. Сырғанақ тіректер өндірісінің айлық нормасы – 1000 данадан артық. Құрылымдардың кепілдемелік қызмет мерзімі – шамамен 60 жыл.

– Жылу өтетін жол бетонда тұруы керек. Жылу беру басталған кезде жылулық ұлғаю жүреді және құбыр өзі қозғала бастайды. Сынып қалмауы үшін сырғанақ тіректер қажет, – дейді, «Балхаш трубомонтаж» ЖШС директоры Арам Хачатрян.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button