Жаңалықтар

21 шілдеде сағат 21.00-ден 15 магистраль – Саран тас жолы қиылысы жабылады

Бүгін, яғни, 2023 жылғы 21 шілдеде сағат 21:00-ден бастап 15 магистраль – Саран тас жолы қиылысы жабылады. Бұл туралы Қарағанды қаласы әкімдігі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

«Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары! 2023 жылғы 21 шілдеде сағат 21:00-ден бастап жолды жөндеу бойынша кепілдік міндеттемелерді орындау үшін 15 магистраль – Саран тас жолы қиылысы жабылатытын назарларыңызға жеткіземіз. Жол бөлігін жабу кезінде қиылыста айналмалы қоғалыс ұйымдастырылады. Жол белгілерінің талаптарына мұқият болуды және қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз» делінген хабарламада.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button