Теңге – тәуелсіздік тірегі
15 қарашада біз Қазақстанның Ұлттық валютасы – теңгенің 25 жылдығын атап өтеміз. Меншікті ақша бірлігін енгізу Қазақстанның өзінің экономикалық егемендігін іске асыруы үшін негізгі база және тұрақтылық пен прогресс жолындағы нақты қадам болды.
Ұлттық валюта – тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі, экономиканы басқарудың, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етудің басты құралы. Кез келген мемлекеттің тарихы өз валютасының тарихын да қамтиды. Көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасты. Біздің теңгенің – Қазақстанның ұлттық валютасының тарихы – Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы №1399 «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығынан басталды, оған сәйкес 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының аумағында Ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді.
Қазақстан ұлттық валютасы – теңге айналымының жиырма бес жылы Қазақстанның қазіргі және болашағы үшін теңге енгізудің тарихи маңыздылығына объективті баға беруге мүмкіндік береді. Ұлттық валютаны енгізумен нарықтық экономиканы құруға бағытталған құрылымдық өзгерістер жеделдетілді.
Жиырма бес жыл өткеннен кейін теңгені айналымға енгізу ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құру бойынша алғашқы және қажетті қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Дербес ақша-кредит және бюджет-салық саясатын және тиісінше реформалардың бастапқы жылдарында макроэкономикалық тұрақтандырудың неғұрлым тиімді саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік берді деп сеніммен айтуға болады.
Ұлттық валютаны енгізу алдында банк секторын реформалау процесі болды. Реформалар жолындағы алғашқы қадам 1990 жылғы желтоқсанда «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» Заңның қабылдануы болды. Заңда алғаш рет коммерциялық банк анықтамасы берілді және басқа кредиттік мекемелер – кредиттік кооперативтер, зейнетақы, инвестициялық қорлар, ломбардтар, сондай-ақ, шетелдік капиталдың қатысуымен жеке банктер мен банктер ашуға рұқсат берілді.
Сондықтан, 90-шы жылдардың басы әртүрлі қаржы ұйымдары санының қарқынды өсуімен сипатталды. Тек, коммерциялық банктер екі жүзден астам болды.
Алайда, банк жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңі банк заңнамасында нарықтық жағдайларда банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтірген бірқатар кемшіліктерді анықтады. Сондықтан, теңге енгізілгенге дейін, 1993 жылғы 13 сәуірде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заң қабылданды. Заң Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттерін, функциялары мен құқықтық мәртебесін, оның банк жүйесіндегі ролі мен орнын, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтады.
Осылайша, 1993 жылғы қарашада теңге енгізілген сәтте республикада екінші деңгейлі банк жүйесі жұмыс істеді, барлық мамандандырылған банктер акционерлік банктер болып қайта құрылды. Ал, Ұлттық банк орталық банк қызметін атқара бастады. Бұл өз ұлттық валютасына көшуді едәуір жеңілдетеді. Бұрынғы Кеңес Одағының барлық елдерінен соңғыларының бірі болып Қазақстан рубльдік аймақтан шықты. Бастапқыда ұлттық валютаға екі кезеңді көшу жоспарланған: алдымен уақытша ақшаны енгізу, содан кейін тұрақты. Бірақ, нәтижесінде уақытты жұмсауға емес, ресми валютаны бірден енгізуге шешім қабылданды және бұл дұрыс шешім болды, өйткені Қазақстан бірден тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізе бастады, ал халықты болашақта белгісіздіктен арылтып, жаңа ұлттық валюта шетел валюталарына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді.
Ұлттық валютаны енгізу принципті жаңа міндеттердің пайда болуына алып келді, негізгілердің бірі теңгенің төлем функциясын күшейту және ұлттық валютаға деген сенімді арттыру болды.
Қабылданған шаралардың ішінде: экспорттық және импорттық баждарды, кедендік төлемдерді теңгеде төлеуге аудару, шетел валютасына бөлшек сауда жасауға тыйым салу, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының айырбас операцияларына тыйым салу болды.
Бүгінгі таңда Қазақстан өмір сүру тактикасының басым болуынан елдің үдемелі және серпінді дамуының басты факторы болып табылатын экономикалық өсу стратегиясына бірте-бірте көшкенін сенімді айтуға болады.
Қазақстан іс жүзінде бастапқы мезеттен бастап тиімді банк жүйесін құрды. Бұл республикада іс жүзінде банк ісі болмаған жағдайда. Қазақстанның дәл осы секторы неғұрлым реформаланған және серпінді дамып келе жатқан болып табылады. Ал, біздің банк технологиялары посткеңестік кеңістікте сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті, экспорттық өнім болып саналады.
Банк жүйесін реттеу жөніндегі уәкілетті орган ретінде Ұлттық банктің маңызды міндеттерінің бірі банк депозиторларының мүдделерін қорғау және халықтың банк жүйесіне сенімін арттыру болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін бірқатар маңызды шаралар қабылданды.
Қаржы секторындағы жетістіктер – бұл қаржы нарығына қатысушылардың қызметін реттеу және қадағалау бойынша үлкен жұмыстың нәтижесі.
Оны әзірлеуге дайындық қатаң құпиялылық жағдайында жүзеге асырылды. Дизайн жасау және жаңа ақшаны басып шығару процесі өте күрделі және қымбат болды. Ұлттық банк мамандары Англия, Германия, Испания және басқа елдердің тәжірибесін зерттеді. Жаңа үлгідегі купюраларды әзірлеудегі ынтымақтастық үшін «Харрисон және ұлдары» Ұлыбританияның банкнот фабрикасы таңдалды, оның 400- ден астам жыл ақша басып шығару тарихы болды.
Ұлттық валютаны әзірлеу өте қысқа мерзімде жасалды. Бір жыл ішінде. Теңге жоғары сапамен ерекшеленеді және оны қолдан жасау өте қиын: ірі купюраларда 18-ге дейін қорғаныс элементтері бар. Бастапқыда теңге келесі номиналдардан тұрды: 1, 3, 5, 10, 20, 50 100 теңге мен тиын: 1, 2, 5, 20 және 50 теңге, сонымен қатар көркем ой тұрғысынан алғанда, безендіру эстетикалық қана емес, әрі қарай жаппай өндіріс үшін жеткілікті практикалық болуы тиіс екендігі ескерілді. Теңге құру тұжырымдамасы банкноттарды дайындаудың жалпы принциптеріне, тарихи және мәдени мұраларға негізделді, сондықтан да Қазақстанның мәдени мұрасын көрсететін тарихи тұлғалардың бейнесін банкноттардың бет жағына орналастыру туралы шешім қабылданды.
Теңгенің бастапқы номиналдары шығарылғаннан кейін жоғары номиналдағы банкноттарды енгізу қажеттілігі туындады. Осылайша, бір идеямен, оймен және орындаумен байланысты жаңа банкноттар пайда болды. Бірыңғай стильде ұсталғандар 200, 500, 1000 және 2000 теңгелік банкноттар нығыздалған және қайралған шеберліктің нәтижесі болып табылады. Қатаң түсті гамма, қорғау дәрежелерінің көбеюі, жаңа технологиялық тәсілдердің енгізілуі суретші-дизайнерлердің жоғары кәсіби деңгейінің куәсі болды.
2006 жылы теңге тарихында жаңа парақ беттері ашылды. Ұлттық Банк жаңа дизайн банкноттарын айналымға енгізу туралы шешім қабылдады. Жарқын полиграфия, банкноттарда бейненің тік және көлденең орналасуын қолдану, купюралардың әр түрлі мөлшері, бедерлі баспа, шамамен оннан астам жалпыға белгілі қорғаныс дәрежелерінің және жиырмадан астам жасырын болуы – бұл жаңа ақшаның ерекшеліктері мен ерекшеліктерінің толық тізбесі емес. Олардың дизайны қазіргі заманғы, серпінді Қазақстанды бейнелейді және мемлекеттік рәміздерді, басты екі қаланың – Астана мен Алматы қалаларының сәулет объектілерінің, сондай-ақ елдің табиғи ландшафттарының бейнелерін қамтиды.
Алайда, бірінші кезекте дизайнның ауысуы теңгені қорғау деңгейін жетілдіруден туындады. Бұл банкнотқа қорғаудың жаңа авангардтық элементтерін енгізумен негізделген және ұлттық валютаны қолдан жасау технологияларын озуға бағытталған алдын алу шарасы. Қазақстандық ақшаның жаңа келбетінің айналасындағы қызу даулар мен пікірталастарға қарамастан, олар мемлекет имиджіне жаңа сипаттамаларды алып, бүкіл әлемде беделі танылған мемлекетіміздің бейнесін көрсететін визит карточкаға айналды.
Бұған қазақстандық Ұлттық валютаның халықаралық деңгейдегі жоғары бағасы дәлел бола алады. Сонымен, отандық дизайнерлердің шетел мамандарынан жоғары баға алған жетістіктерінің бірі 2017 жылы қыркүйек айында Мәскеу қаласында өткен «Монета жұлдыздары – 2017» XI халықаралық ескерткіш монеталары конкурсының жеңімпаздарын және дипломанттарын марапаттау рәсіміне қатысуы болып табылады, онда «Кәдесый монета» номинациясында II орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi ұсынған «Сиқырлы нышандар» сериясындағы «Таға» күмiс монетасын жеңіп алды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Қарағанды филиалының ұжымы барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтайды. Денсаулық, табыс, өркендеу және белгіленген мақсаттарға жету, экономикалық дамудың күрделі міндеттерін шешуде шығармашылық көзқарас, заманауи сын-қатерлерге сауатты, шебер қарсы тұру және Отанымыздың гүлденуі үшін тұрақтылық тілейді!
Ғазиз ШЕГЕНОВ,
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» РММ Қарағанды филиалының директоры.