Бас тақырып

2023 жылдың 3-тоқсанында әлеуметтік салаға 3,6 млрд. теңге бөлінеді

2023 жылдың 3-тоқсанында бюджет қаражатының 36%-ы әлеуметтік салаға бөлінеді. Бұл – 3,6 млрд.теңге. Атап айтқанда қаржы қызметкерлерге сыйақы төлеуге, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты жандарға әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін ұлғайтуға жұмсалады. Одан бөлек, бұл тізімде облыстың шалғай ауылына жұмыс істеуге келген дәрігерді әлеуметтік қолдауды жалғастыру, сондай-ақ, медицина қызметкерлерінің жалақысы бойынша түзету коэффициентін арттыру да бар екенін айту керек.

Аталған 3,6 млрд. теңгеге орфандық аурулары бар науқастар да дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін спорт түрлерін дамыту да тізімде бар. Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіруге, облыстың білім беру, денсаулық сақтау объектілеріне жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге арналған шығыстар да көзделгенін айту керек. Қарағанды облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІV сессиясында депуттар осындай шешімге келді.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button