Медицина

№2 перинаталдық орталыққа арнайы көп функционалды кешен қойылды

№2 перинаталдық орталықта жаңа туған нәрестелерге арналған жаңа реанимациялық жүйелер сатып алынды. Көп функционалды 20 кешен әлсіреген және шала туған нәрестелерге қажетті реанимациялық көмек көрсететін арнайы құрылғылардан тұрады.

 

Аталмыш жүйе жаңа туған нәресте үшін өте ыңғайлы. Балаға диагностикалық және шұғыл манипуляцияларды жасауға барынша мүмкіндік береді. Жылдам әрі ауқымды түрде іске қосылады. Мұндай жабдықтар орталықтың барлық бөлімшелеріне қойылған. Атап айтсақ, босану бөлмесіне, балалар патологиясы бөліміне және балалар реанимациясында бар.

Сонымен қатар, №2 перинаталдық орталықта ересектерге арналған реанимация бөлмесіне соңғы үлгідегі тыныс алу аппараттары алынғанын да айта кету керек.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button