Спорт

Ірі нысандар салынады

Алдағы екі жылда Қарағанды облысында 15 ірі спорт нысаны пайда болады, қолданыстағы спорт алаңдарын жөндеу және орнату бойынша ауқымды науқан өтеді. Бұл туралы тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан АБЫЛАЕВ айтып берді.

Бұқаралық спортты дамыту – мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі. Қарағанды облысында адамдарды барынша көп салауатты өмір салтына тарту үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, спорт залдары және ашық спорт алаңдары салынуда.

– Өңірде алдағы екі жылда 15 ірі спорт нысаны ашылады. Олардың қатарында Теміртаудағы ДСК, Қарағандыдағы үлкен және үстел теннисі орталықтары, Жезқазған, Шахтинск қалаларындағы және басқа да елді мекендерде спорт кешендері бар. Сондай-ақ, ауылдарда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде. Атасу кентінде бассейн, Ақтас пен Ботақарада ДСК ашу жоспарлануда, – деді Темірхан Абылаев.

Жаңа нысандар салудан басқа, өңірде бұрыннан бар нысандарда ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Мысалы, Ақсу-Аюлы кентінде спорт мектебі ретке келтірілді, Қарағандыда «Қарағанды-Арена» мұз сарайында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мұнда шатыр, жүгіру жолдары ауыстырылып, шешінетін бөлмелер мен басқа да бөлмелер ретке келтірілді. Жол картасы бойынша жөндеу жұмыстары 11 нысанды қамтыды. Олардың ішінде спорт сарайы да бар. Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайы, жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі және басқа да мекемелер қамтылған.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button