Бас тақырыпОблыс әкімі

Қарағанды облысының әкімі жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдады

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов 20-шы шілдеде азаматтарды қабылдау өткізді. Қала тұрғындары аймақ басшысына денсаулық сақтау, мешіт құрылысы, кей аудандарда инфрақұрылымды дамыту және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға қатысты сауалдарын қойды, – деп хабарлайды Ortalyq.kz Қарағанды облысы әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Фото: karaganda-region.gov.kz

Мысалы, Дарын Мақаш облыс әкімінің қабылдауына Күнгей ықшам ауданын абаттандыруда көмек көрсетуін сұрап келген. Оның айтуынша, шағын ауданда жолдарға, сумен және электр қуатымен қамтуға қатысты мәселелер әлі де шешілмеген екен.

– Мен Күнгейде үй салып жатырмын. Алайда ол жерде әлі күнге дейін жайлы өмірге қажетті жағдай жоқ, бізде не су, не жол, не жарық жоқ. Ол жерде 2011-ші жылдан бері тұрып жатқан ағам күн сайын жақын маңда орналасқан Үштөбе кентінен су тасиды. Кешкі уақытта үйде жарық болуы үшін генератор қосу қажет. Біз 2014-ші жылдан бері ресми хаттарды қала әкімдігіне де, облыс әкімдігіне де жолдадық, барлық жерге бардық. Алайда әлі де еш нәтиже жоқ. Біз қыруар зат сұрап отырған жоқпыз, тек өмірге ең маңыздысы – су мен жарық болса екен дейміз. Жол мен кәрізге келер болсақ, оны күте тұруға дайынбыз, ең бастысы – су мен электр қуатын өткізіп берсе екен дейміз, – деді Дарын Мақаш.

Кездесуге қатысқан Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіровжобалық-сметалық құжаттар жуырда толықтай дайын болатынын жеткізді. Келесі жылы Күнгей ықшам ауданында су, кәріз жүйесі және электр қуаты пайда болады.

– Мен бұл проблемалар туралы білемін, – деді аймақ басшысы. – Өткен жылы бізге тұрғындары көбірек үш ауданда жолдарды жөндеу керек болды. Бірақ осы жылы сіздердің ықшам аудандарыңызға апаратын жолды жөндеуге қаражат бөлінді. Коммуникацияларды өткізу мәселесіне келер болсақ, егер жобалық-сметалық құжаттар дайын болса, біз қаражат табамыз. Жәнеде осы жылы бастап, келесі жылы аяқтаймыз.

Ерлан Қошанов өзі Күнгей ықшам ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесуге уәде берді.

Кәсіпкер Нұрлан Қалтаев әкімнің қабылдауында Қарағандыда қиын тәрбиленетін балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебін ашу туралы жоспарымен бөлісті.

– Қоянды ауылында біз балалар үйін аштық және спорт алаңын салдық. Қарағандыда балаларға арналған спорт орталығын ашқымыз келеді. Мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда көмекгімді ұсыну үшін келіп отырмын. Осы бағдарлама аясында қиын тәрбиеленетін жасөспірімдерді қанатымның астына алып, оларды жақсы өмір жолына салуды мақсат етемін, – деді Нұрлан Қалтаев. – Қалада қазір тіркеуде 170 қиын тәрбиеленетін жасөспірімдер тұр. Соларға арнап мектеп ашқым келеді. Олар тегін түрде жаттығатын болады, олармен психологтар жұмыс істейді.

Бұған қоса, Нұрлан Қалтаев биылғы жылы әйгілі Қоянды жәрмеңкесіне 170 жыл толатынан еске салды. Онымен аттас ауыл аймақ басшылығы тарапынан ерекше назарға лайықты екені де айтылды.

– Қоянды жәрмеңкесі – аймағымыздың тарихының бір бөлігі. Мәдениет және кәсіпкерлік басқармаларының жетекшілеріне осы ауылды дамыту керектігіне назар аударуын сұраймын. Ал қиын тәрбиеленетін жасөспірімдерге арналған мектепке келер болсақ, бұл тамаша бастама, мен сізді қолдаймын. Білім және ішкі саясат басқармалары сіздің мәселеңізбен айналысып, көмек көрсетеді, – деп тапсырма берді Ерлан Қошанов.

Қабылдауға келген қарағандылықтардың қойған барлық сұрақтары бойынша Ерлан Қошанов өз орынбасарлары мен облыстық басқарма басшыларына тапсырмалар берді. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button