Спорт

Ел чемпионаты қайта басталды

Карантинге байланысты футбол шеберлері наурыз айында барлық кездесулерін тоқтатқан еді. Тамыз айынан қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, ел чемпионаты қайта басталды.

Әлеуметтік желіде «Қазақстан біріншілігі 18 тамыздан бастап қайта жалғасады. Елдегі футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің лига ойындарын жалғастыру жөнінде келісімін алды», – деген мамандардың жазбалары кеңінен таралуда.

Толық үш кезең ойналмаған чемпионатта қазір «Қайрат» (Алматы) футбол клубы 9 ұпаймен көш бастап тұр. «Астана» (Нұр-Сұлтан) командасы Беларусь еліне чемпиондар лигасының іріктеу матчын өткізу үшін аттанды. «Динамомен» (Брест) кездесіп, келесі кезең жолдамасын сарапқа салмақ.

Тамыз айының 19-шы жұлдызы қарағандылық «Шахтер» футбол клубы мен қызылордалық «Қайсар» командалары арасында кездесу өтеді. Жерлестеріміз 6 ұпаймен төртінші орынға тұрақтаса, қайсарлықтар 2 ұпай айырмашылығымен бесінші орында.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button