Спорт

Батыр бейнесі – медаль бетінде

10 қазанға жоспарланған QARAGANDY MARATHON – 2020 марафонының медальдарында Кеңес Одағының Батыры Нұркен ӘБДІРОВТІҢ ескерткіші бейнеленді. Газетіміздің өткен санында хабарлағанымыздай, биыл марафон онлайн форматта өтеді.

Жыл сайын өтіп тұратын марафон медальдарында Қарағандының көрікті жерлерін көрсету дәстүрге айналған. Былтыр медальдің бір бетінен «Кенші даңқы» монументі орын тапты. Биыл Ұлы 75 жылдығына орай, Нұркен Әбдіров ескерткішіне таңдау түсіп отыр. Медальдің келесі бетіне марафонның бас серіктесінің логотипі орналастырылады.

Марафон қашықтықтары туралы бұрын айттық. Тағы айтып өтері, биыл ұйымдастырушылар «отбасылық» деп аталатын қашықтықты енгізді. Яғни, мұнда ата-аналар балаларымен бірге 3 шақырымды жүгіріп өте алады.

Онлайн-марафонға қатысушылар смартфонға нәтижені тіркейтін мобильді қосымшаны орнатуы тиіс. Қашықтықты бағындырған соң жүгіруші ұйымдастырушыларға нәтиженің скриншотын жіберуі қажет. Естеріңізге сала кетейік, жарыс 10 қазан күні сағат 06:00-ден 22:00-ге дейін өтеді. Біріншілік ережесі, тіркеу формасы және басқа да мәліметтер qaragandy-marathon. kz сайтында тұр.

Нұрқанат ҚАНАПИЯ.

Басқа материалдар

Back to top button