Ресми

Ғалым Әшімов Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болды

Теміртаудың бұрынғы әкімі Ғалым Әшімов Қарағанды облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы бүгін, 17 тамызда, облыс әкімі Жеңіс Қасымбек аппарат отырысында мәлімдеді.

Ғалым Әшімов 1968 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2000 жылы  О. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін тәмәмдаған. 2017 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде техник және технология баклавры дәрежесін алды.

Еңбек жолын 1989 жылы Жәйрем ТКБК Қиыр-Батыс кенішінде жөндеу бойынша слесарь лауазымынан бастаған.

2000 жылы мемлекеттік қызметке түсті. 2001 жылға дейін Жәйрем кентінің әкімі болды. Одан кейін Жәйрем ТКБК оралды, мұнда 2009 жылы президенттің логистика бойынша көмекшісі болып тағайындалды.

2010 жылдан 2013 жылға дейін Қаражал әкімінің лауазымын атқарды. 2013 жылдан бастап Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасында түрлі лауазымдарда жұмыс атқарды. 2013 жылдың соңынан 2015 жылға дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болды.

2015 жылдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Теміртау әкімінің лауазымында болған.

Басқа материалдар

Back to top button