АймақБалқаш

Балқаш қаласының орталық саябағы қайта жаңартылуда

Балқаш қаласының орталық саябағында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстың басым бөлігі орындалды. Су құбыры желілері мен көшеге жарықтандыру жүйесін қосуға барлығы дерлік дайын. Мердігерлер арканың металл қаңқасын орнатты, ол саябақтың орталық кіре берісін безендіретін болады. Ескі субұрқақ та қалпына келтіріле бастады.

Балқаш балалар саябағына кіре берісте келушілерді ертегі кейіпкері Айдаһар қарсы алады. Күн сәулесі мен жауын-шашынның әсерінен мейірімді айдаһардың бұрынғы жасыл түсінің өңі кетіп қалды.

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков қазіргі заман талабына сай жаңа айдаһар орнатуды тапсырды.

Қазір 40 адамнан тұратын бригаданың жұмысшылары саябақтың жаяу жүргіншілер жолдарына тас төсеуді аяқтауда. Онда жақын арада жаңа орындықтар мен қоқыс салатын жәшіктер пайда болады.

– Бүгінгі күні біз жиек тастың 80 пайызын салдық, жарықтандыру кабельдерін өткіздік, кәрізді, субұрқақты сумен жабдықтауды, ауыз су ағатын су бұрқақтарын толық орнаттық. Қазір барлық саябақты қамту үшін суғару жүйесіне құбыр төселіп жатыр, – деді мердігер ұйымның өкілі Жәкен Тайшыбай.

Құрылыс жұмыстары аяқталып, суару жүйесін қалпына келтіргеннен кейін күзде саябақта ағаштар отырғызылады.

Демалыс орнының барлық аумағы коррозияға қарсы бояумен боялған жаңа қоршаумен қоршалған.

Жөндеу жұмыстарын тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Басқа материалдар

Back to top button