Аймақ

Қарағанды облысында бір тәулікте 50 жол апаты тіркелген

Қарағанды ​​облысында ауа райының қолайсыздығынан бір күнде 50 жол-көлік оқиғасы орын алып, 17 адам зардап шекті, деп хабарлады Egemen.kz.

«Қарағанды-Қарқаралы тас жолында көктайғақ салдарынан екі жол-көлік оқиғасы болды. Бірінші апат сағат 09:50-де тас жолдың 195 шақырымында болған. Ravon Nexia көлігінің 50 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан Ravon көлігінің жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді, 61 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Сондай-ақ сағат 18:26-да Шешенқара ауылы мен Ащысу стансасы арасында Lexus және Volkswagen Passat көліктері соқтығысты. Салдарынан Volkswagen көлігінің 62 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», деді Қарағанды ​​облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Зәрубаев.

9 қараша күні сағат 01:29 шамасында Шахтинск-Қарағанды ​​тас жолында «ВАЗ-217230» автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көпірдің қорғаныш қоршауына соқтығысып, арыққа аударылып кеткен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Жол-көлік оқиғасының барлық фактілері полицияда тіркелген.

«Біз көлік жүргізушілерін Жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жүргізушілерге апатты болдырмау үшін ауа райына сәйкес жылдамдық режимін таңдап, белгіленген қашықтықты сақтау ұсынылады. Сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзбаңыз және жаяу жүргіншілерді байқаңыз. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерді белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпеуге шақырамыз», – деді Қ.Зәрубаев.

Қарағанды облысының маңызды және өзекті жаңалықтарын “Орталық Қазақстан” газетінің телеграмм каналынан оқыңыз.

Басқа материалдар

Back to top button