Коронавирус

Санитарлық талаптарды сақтау шарт

Бүгінгі күні Бұқар жырау ауданында аудан әкімінің өкімі бойынша 2 мобильді топ құрылды. Оның құрамында тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, прокуратура қызметкерлері, полиция қызметкерлері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері бар. Негізгі жұмыс санитариялық-дезинфекциялық және карантин талаптарының сақталуын бақылауға бағытталған. Мобильді топтар карантин шараларының орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізу нысандарына барар алдында, басқарма мамандары мен қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтауға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары түсіндіріледі.

2020 жылдың 5-ші шілдесінен бастап қазіргі уақытқа дейін басқарма қызметкерлері мобильді топтар өткізетін іс-шаралар шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысының талаптарына сәйкес, 12 әкімшілік бұзушылықтарды анықтады. Олар үшін кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтКнің 425-бабының 1-бөлігі негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта кәсіпкерлер мен азаматтардың бетперде мен қолғаптарды кимеуі, келушілер арасындағы қашықтықты шектеу сияқты талаптарды сақтамауы негізгі проблема болып табылады. Жұмыс істейтін персоналдың термометриясы жүргізілмей, журналда белгі қойылмаған, жұмыс режимін бұзу, адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізу, антисептиктер мен жеке қорғаныс құралдары жоқ. Бұл заң бұ зушылықтар дүкендер, демалыс орындары, моншалар және сауналар, наубайханалар сияқты нысандарда анықталды. Азаматтар мен кәсіпкерлер үнемі жүргізіліп отырған түсіндіру жұмыстарына қарамастан, Қарағанды облысы мен Бұқар жырау ауданының БМСДҚ алгоритмдерінде жазылған қорғаныш бетперделерін кию және өзге де талаптарды сақтау қажеттілігін толық көлемде түсінбейді. Түнгі рейдтерді өткізу барысында дүкендер немесе ашық ауада орналасқан кафелер мен мейрамханалар сияқты нысандардың жұмыс уақытының шектелуіне қарамастан өз жұмысын жалғастырып, жұмыс режимін шектеуді сақтау бойынша заң бұзушылық фактілері анықталды.

Сондай-ақ, басқарма қызметкерлердің тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік мекемелердің қаулылардың орындалуына мониторинг жүргізеді. Аудан аумағында алдын алу іс-шаралары, кіреберістерде, паркингтерде, балалар алаңдарын дезинфекциялау құралдарымен залалсыздандыру жүргізілуде.

Біз ауруға қарсы тұруы қиын адамдарды аурудан сақтауымыз керек. Мен қарт ата-аналары бар адамдардан үлкендермен сөйлесуді, бүгінгі күні қауіпсіздік шараларын сақтаудың неге маңызды екенін түсіндіруді сұраймын. Біз қонаққа барудан және отбасылық жаппай еске алу іс-шараларын өткізуден уақытша бас тартуымыз керек. Тіпті, вирус бізді біраз уақыт қашықтықты сақтауға мәжбүр етсе де, біз біргеміз. Әр адамнан өз денсаулығы мен басқалардың денсаулығы үшін қауіптен бас тарту қажет етіледі. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, Бұқар жырау ауданының тұрғындары мен кәсіпкерлерін Қарағанды облысы мен Бұқар жырау ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің Қаулысында көрсетілген барлық шараларды сақтауға шақырамын.

Санжар ЫРЫСТАЕВ,

Бұқар жырау аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Басқа материалдар

Back to top button