Аймақ

Өңірдегі су мәселесі қалай шешіледі?

Ауыл тұрғындарының басты мәселелерінің бірі – сапалы ауыз суға қол жеткізу. Қарағанды облысында бұл мәселенің 91,4%-ы шешілді. Арнайы әзірленген жобалар ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге септігін тигізді. Мұндай жобалар саны – 20. Өңір ауылдарында жаңа су құбыры желілері салынуда, ал кейбір елді мекендерде қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Қарағанды жұртшылығымен кездесуі кезінде ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

Облыстағы ірі жобалардың бірі – Жарлы-Қарқаралы су құбыры. Көптеген жылдар бойы тұрғындар сумен қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болды. Қазір жұмыс жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 38,2 шақырымнан 21 шақырым құбыр төселді. Тұрғындар сапалы сумен 100 % қамтамасыз етіледі.

Су мәселесі Бұқар Жырау ауданы Қаражар ауылдық округінің Асыл ауылында да өзекті, онда 300 адам тұрады. Орталықтандырылған су жүйесі болмады және тұрғындар әкелінген суды пайдаланады.  Бұл мәселе өткен жылдан қолға алынды. Бүгінгі таңда инженерлік желілер дайын, іске қосу-жөндеу жұмыстары басталды.

Шет ауданының Бұрма ауылында да су құбыры 90% тозған, бұған апаттардың жиі болуы себеп. Зерттеу көрсеткендей, құбырлар жөнделмейді, тек оларды ауыстыру керек. Қысымды суқоймасы халықты ауыз сумен қамтуға мүмкіндік бермеді.  Мәселені шешімін тапқандай. Биыл 23,6 км құбыр қайта жөнделуде. Қазірдің өзінде шамамен 20 км ауыстырылды. Қалған жұмыстар келесі жылы аяқталады. 1300 адам сапалы ауыз сумен қамтылады.

Барлық 20 жобаны орындау ауыл тұрғындарының сапалы сумен жабдықтауға қолжетімділігін 92,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Басқа материалдар

Back to top button