14 жастағы жасөспірім 6 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

ОҚО-да 14 жастағы жасөспірім 6 жасар балға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін көрсетті деген күдікке ілінді деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Оқиға 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау ауданында көшеде болған. ОҚО ІІД баспасөз қызметі осы деректі растап отыр.

«Осы дерекке қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы («Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Күдікті анықталды, сараптама жүргізіліп жатыр, соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады», – деді полицейлер. 

Құқық қорғау органдары қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарамағында екенін айтты. 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.