Спорт

Қош, жоғарғы лига!

«Сарыарқа», «Торпедо» және «Номад» хоккей командалары ресми түрде бір маусымға жоғары хоккей лига ойындарына қатысуды тоқтатты. Ел мерейін аспандатып жүрген командалар кезекті 2020/2021 маусымын әлемді әбігерге салған індетке байланысты тек «Рro Hokei Ligasy» ел чемпионаты аясында өткізеді.

Шынында да, аласапыран уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы мемлекеттік шекараны кесіп өтуде біршама қиындықтар бар. Әрі бүкіл әлемде таралған эпидемиологиялық ахуалға байланысты осы байламға келдік. Хоккейшілердің денсаулығы біз үшін өте маңызды. Тәж вирусының қаншалықты қауіпті екенін және тез таралатынын жақсы білеміз» – деді «Сарыарқа» ХК директоры Павел Житков.

Елде кәсіби хоккейшілердің тартысқа толы ойындары қайта басталды. Жерлестеріміз алдағы аптада елордалық «Барыс» командасымен кездеседі деп жоспарланған. Ал, тамыз айының соңында Нұр-Сұлтан қаласында жолдастық кездесу өтпек. Қос бірдей азулы командалар арасындағы соңғы ойын арқалықтардың жеңісімен аяқталған еді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button