Бас тақырыпЖаңалықтар

Жұмысшылардың жалақысы өсуде

Елбасы келесі жылдың басынан бастап еңбекақыны көтеруді міндеттеген-ді. Бүгінде бұл тапсырмаға орай тиісті шаруаны қолға алған мекемелер баршылық. Қарағандылық ұйымдар меншік түріне қарамастан, жалақыны өсіруге бір кісідей кірісті.

Жалақыны көтеру қажеттігі Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтылды. «…Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни, 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырамын. Бұл барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қамтиды», – деді Президент

Еңбекақыны өсіруге кіріскен ұжымдар қатарында Нұра, Осакаров, Абай аудандары мен Шахтинск, Сәтбаев қалаларындағы бірнеше шаруашылықтар мен кәсіпорындарды атап өтуге болады.

Мәселен, Нұра ауданындағы «Қаратал» КМК жұмысшылар жалақысын – 30 пайызға, «Нұрай & К» ЖШС – 1115 пайызға, «Сембир-2009» ЖШС – 10 пайызға, «Ырыс» ЖШС – 5 пайызға, «Нұр Астық 2005» ЖШС – 5-7 пайызға көтермек.

 Осакаров ауданындағы «Транзит» ЖШС, «Еуразия» шаруа қожалығы, «Октябрь» сауда үйі, «Ишим» ӨК, «Тонус-КZ» ЖШС, «КаналСтройПласт» ЖШС басшылығы да еңбеккерлер еңбекақысын үстемелеуді жоспарлауда. Абай ауданындағы «Астра Агро ЛТД» ЖШС, «Топарские теплицы» ЖШС, «Шығыс» шаруа қожалығы, «Волынка» ЖШС, «Поливное» ЖШС осы кәсіпорындар қатарынан көрінбек.

 Сондай-ақ, Шахтинск қаласындағы «Апрель Құлагер» ЖШС, «Темиртауский пенопласт» ЖШС, «КарТрансУголь» ЖШС, «Калейдоскоп» мейрамханасы мен «Темир Лайн» ЖШС-де жұмыс істейтін жұмысшылардың табысы артады.

Сәтбаев қаласындағы «Жагипарова», «Эберман», «Балгазина» жеке кәсіпкерліктері мен «Шайкамалов», «Үкібаев» шаруа қожалықтары да жалақыны белгілі бір мөлшерде өсірмек.

Жергілікті атқарушы билік хабарлағандай, Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасын таба бермек.

Нұрқанат ҚАНАФИН,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button