Бас тақырыпРесми
Аймақ басшысы Нұра ауданының тұрғындарымен кездеседі
15 мамыр күні сағат 14.00-де Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Нұра ауданының тұрғындарымен кездеседі. Халықпен кездесу Нұра ауданының мәдениет үйінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін) 2-17-21 телефоны бойынша қалдыруға немесе nura_cancelyaria@krg.gov.kz поштасына жіберуге болады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА