Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Ленин көшесін Абай көшесі деп қайта атау туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Ленин көшесін Абай көшесі деп қайта атау туралы» бірлескен қаулысы және шешімі жобасы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы хаттамасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 6 тамыздағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Қарағанды қаласының Ленин көшесі Абай көшесі деп қайта аталсын.

2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қарағанды облысының әкімі.

Қарағанды облыстық мәслихаты сессиясының төрағасы.

Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.