Спорт

Құрамада қос бірдей қорғаушы

Қарағандылық «Шахтер» футбол құрама командасының сапы қос бірдей жартылай қорғаушымен толықты.

Беларуссиялық «Слуцк» футбол клубынан ауысып келген ресейлік Сослан Такулов кеншілер сапында 5-ші нөмірде өнер көрсетеді. Спортшы «Юность» спорт мектебінің түлегі. Сол елдің біріншілігінде өнер көрсетіп, бірнеше жылдан кейін Қырым чемпионатының командаларына ауысады. Кәсіби спорттық мансабы ставропольдық «Динамо» мен рамендік «Сатурн» командаларынан басталған еді. Ол 2019 жылдың қысында грузиндік «Руставимен» келісім-шарт жасаған. Шамалы уақыттардан кейін беларуссиялық құрама команда сапына көшеді.

Ал, Түркімендік Руслан Мингазов бұған дейін Павлодарлық «Ертіс» сапында ойнаған. Ол 2017/2018 маусымын «Млада-Болеслав» құрамасында өткізіпті. 2016/2017 жылдары Прагалық «Славия» қатарында доп теуіп, Чехия чемпионы атанады. Қазақстанға келгенге дейін Чехиялық «Пршибрам» сапында өнер көрсеткен. 28 жасар футболшы кәсіби мансабын Түркиялық «Ашхабат» клубынан бастаған. Содан бері Түркия чемпионы, суперкубок иегері атанады. Сондай-ақ, 2009 жылы Риганың «Сконто» командасына ауысып, сол құрамада алты маусым өткізеді. Нәтижесінде екі мәрте күміс, Латвия чемпионаты мен Латвия Кубогының үш мәрте қола жүлдесін еншілеп, ел чемпионы болады. Руслан Мингазов бүгінгі таңда Түркіменстан ұлттық футбол құрамасының негізгі ойыншысы, әрі «Үздік» футболшысы.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button