Спорт

Әлімханұлы мен Лараның жекпе-жегі қашан өтеді?

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) өзінің Twitter парақшасында WBA бойынша тағы бір дивизион белбеуі бар кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жекпе-жек өткізгісі келетіні туралы жазды.

Сурет: боксшының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Кәсіпқой бокстағы мансабында бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген отандасымыз:

– Менде үш титул бар. Ларамен жұдырықтасқым келеді. Ал, ол неге менімен, яғни, титул үшін жекпе-жек өткізгісі келмейді? Мен Лараны түсінбеймін» – деп жазды.

Отандасымыз кейінгі жекпе-жегінде германиялық Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO және IBF белбеуін иеленген болатын. Бұл жекпе-жек 12 раундқа жоспарланғанымен қазақстандық боксшы қарсыласын 6 раундта тізе бүктірді.

Ресейлік Livesport.ru порталы отандасымыздыды «Биыл американдық боксшы Джермалл Чарломен жұдырықтасуы мүмкін» деп отыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button