АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағандыда заңсыз салынып жатқан 11 тұрғын үйдің тізімі жарияланды

Қарағанды облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы рұқсат құжаттарынсыз заңсыз салынып жатқан 11 тұрғын үй кешенінің тізімін жариялады.

Сурет: облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы

– Қарағанды бойынша бүгінгі таңда 11 нысанда рұқсат құжаттарының толық пакеті жоқ. Дегенмен, олар құрылысты бастап кеткен немесе қандай да бір жолмен жалғастыруда. Нақтырақ айтсақ, сот қаулысымен «Қарқаралы» ТК және Мұқанов, 49 мекенжайы бойынша орналасқан КТК, «Central Avenue» ТК бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары тоқтатылды. Сонымен қатар құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мен әлеуетті үлескерлерге ескерту жасағым келеді: жарнамаға сенбеңіздер. Егер кімде-кім осы нысандарға инвестиция салған болса, ойланып, өз ақшасын талап еткен жөн, – деді ГАСК басқармасының басшысы Сержан Аймақов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте.

Рұқсат құжаттары жоқ құрылыс компанияларының тізімі:

1. «Al-Farabi» ТК, Мұқанов көшесі, 55/2 («T-K Building» ЖШС).

2. «Хан» ТК, Мұқанов көшесі, 19/2 («TT INVEST-2022» ЖШС).

3. «Inju City» ТК 5, 6, 7 блоктар, Республика даңғылы, 23 («Orda Minerals» ЖШС).

4. «Қарқаралы» ТК, Мұқанов көшесі, 51 («Buildary» ЖШС).

5. Мұқанов к-сі, 49р («QazaqInvestStroy» ЖШС).

6. «Central Avenue» ТК, Гоголь көшесі, 34/5 учаскесі («RGB Group» ЖШС).

7. «Амедина» ТК, 137-ші есептік орам, 343 («Sunrise» ЖШС).

8. Карбышев к-сі, 2/5 құрылысы (Холодков В.К.).

9. «Бақытты отбасы» ТК, Гапеев көшесі, 4е («KKK Бетон» ЖШС).

10. КТК, Ремесленный тұйық көшесі, 2-бөлім (Григорян Ш.Н.).

11. «Нұра» ТК, Мұқанов көшесі, 51/4 бет («Satti Lux Stroy» ЖШС).

Сержан Аймақовтың айтуынша, сот процесінде басқа да нысандар бойынша материалдар бар.

МСҚБ салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттар пакетінің бар-жоғын тексеруді ұсынады. Ол үшін сенім телефонына хабарласуға болады: (8-7212) 43-22-43.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button