Бас тақырыпРесми

100 ЖАҢА ЕСІМ: өтінім қабылдау уақыты ұзартылды

Ел аумағында 2017 жылы жалауы желбіреген «100 жаңа есім» жобасының биылғы маусымына өтінім қабылдау 1 қазан күні басталғантын. Қазірде 100janaesim.ruh. Kz сайтына көптеген өтінім хаттар түсуде. Бұл тумысынан қабілетті, өз ісінде белсенді, қоғамға пайдалы қызмет атқарып жүрген азаматтардың молдығының белгісі.

Ғылым, спорт, қоғам, мәдениет, бизнес, медицина салалары бойынша 39 жасқа дейінгі жастардың көп көлемде өтінім хат жіберуі – қуантарлық жағдай. Үшінші маусымның 20 қазанға дейін деп бекітілген өтінім қабылдау мерзімі қатысуға ниетті азаматтар санының көптігіне байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мақұлдауымен 1 қарашаға дейін созылды.

– Қымбатты достар! Өздеріңіз білетіндей, елімізде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының 3-ші кезеңі өтуде. Қазақстанның әр бөлігінен үміткерлердің өтінімдерін қабылдау белсенді жүргізіліп жатыр. Жобаның ұйымдастырушы тобы әр аймақтың үздіктерін іздейді, – деген еді «Рухани Жаңғыру» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев.

Егер өзіңізді немесе жақындарыңызды «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысуға лайық деп есептесеңіз, онда асыққаныңыз жөн!

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы еліміздің әрбір азаматын өз саласының шебері болуға, Отанға адал қызмет етуге және белсенділік пен көшбасшылыққа тәрбиелейді.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button