Жаңалықтар

Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Дүниежүзілік бокс суперсериясының (WBSS) жеңімпазы Каллум Смиттің промоутері Эдди Хирнмен келіссөздерді бастады.  

Биылғы жылдың қыркүйегінде WBA Super чемпионы атағын жеңіп алған Смит, 2019 жылдың мамыр айында Геннадий Головкинге қарсы рингке шығуы мүмкін, деп хабарлады Sports.kz.

Спортшылардың промоутерлері бұл жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келіссөздерді ұзақ уақыттан бері жүргізіп келе жатқанын Talksport.com басылымының журналисі Майкл Бенсон твиттерде жазды.

Ол сондай-ақ, жекпе-жек Ұлыбританиядағы “Энфилд” стадионында өтетінін атап өтті, онда боксшылар екінші орта салмақта WBA және The Ring журналының титулдарын сарапқа салады.

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button