Спорт

Қос мықты қашан жұдырықтасады?

Ел-жұрт жерлесіміз Геннадий ГОЛОВКИННІҢ мексикалық Сауль АЛЬВАРЕСПЕН үшінші жекпе-жегін күтіп жүр. Ал, ол үшін міндетті түрде басқа боксшылармен кездесуі қажет.

Қос мықтының қарсыластары америкалық боксшы Джермалл Чарло (30-0, 22 КО) мен украиналық Сергей Деревянченконың (13-2, 10 КО) алдағы күзде болатын кездесуінен кейін анықталады.

«26 қыркүйекте Джермалл Чарло рингтен тыс жеңіп алған WBC титулын үшінші мәрте қорғауға Анкасвилде Сергей Деревянченкомен кездеседі. Бұл жекпе-жектің жеңімпазы Канело және Головкин сынды мықтылармен жұдырықтасуға мүмкіндік алады», – деді Boxingnews24.com сайтының авторы Джефф Аранау.

Головкин қазан айында IBF тұжырымдамасы бойынша міндетті үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметамен кездесу өткізіп, 2021 жылдың мамырында Канеломен рингке шығуы тиіс.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button