Ресми

Абай күні – Алаш төрінде

Бойында қазақ қаны барлар қуанбай қалмаған шығар. ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – ұлы Абайдың туған күні мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Енді елімізде Абай күні ұлттық мейрам ретінде ресми тойланатын болады. Алаш ақыл-ойының алтын діңгегі Абай туған күн биылдан бастап халықтық мейрам, халайық!

Бұған дейін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлы Абайдың туған күнін «Абай күні» деп атап, Ұлттық мерекеге айналдыру туралы ұсыныс бергенін жазыпты. Ұсыныс жауапсыз қалмаған. Қуанатын да, сүйінетін де жаңалықты ресми құжатымен қоса ұсынғанды жөн көрдік:

№495 4 тамыз, 2020 жыл

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы

№ 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі:

мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

«22-1. Абай күні – 10 тамыз».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.МАМИН.

Жәнібек ӘЛИМАН.

Басқа материалдар

Back to top button