Қарағанды

Тәртіп бұзушылықтар анықталды

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері облыстың барлық аумағында халықтың демалуы мен шомылуына рұқсат етілмеген аумақтарда профилактикалық рейдтер жүргізді.

Маңызды шараға жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері, еріктілер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тартылды.

Соның аясында ТЖД аумақтық бөлімшелері 61 алдын алу рейдін ұйымдастырып, суға түсуге рұқсат етілмеген қауіпті жерлерге тексеріс жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша 22 әкімшілік құқық бұзушылық және кәмелетке толмағандар тарапынан 13 құқық бұзушылық анықталды. Алдын алу іс-шараларын өткізуге 72 қызметкер және 31 техника жұмылдырылды. Рейд барысында тұрғындарға 600-ден астам үгіт-насихат материалдары таратылды.

Бүгінгі таңда полиция департаменті қызметкерлерімен бірлесіп, 827 профилактикалық рейд және су айдындары мен жағажайлардағы жаппай демалыс орындарында қоғамдық тәртіп ережелерінің сақталуы бойынша 2568 патрульдік шаралар жүргізілді. Олардың нәтижесінде 182 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.

Алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде тиісті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау талабы қамтамасыз етілді.

Суға шомылу маусымында оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстары жалғасуда және бұл мәселе ерекше бақылауда.

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті халықты су айдындарында абай болуға, балаларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ өз өмірін сақтау мақсатында қауіпсіздік шарттарын сақтауға шақырады.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button