Мемлекет саясатының негізгі бағыты

Қоғамдық қарым-қатынастар дамуының ажырамас бөлігіне айналған сыбайлас жемқорлық елдің саяси тұрақтылығына, ұлттық қауіпсіздігіне, экономикалық дамуы мен өсуіне қауіп төндіретін жағымсыз құбылыс ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың таралу дәрежесі ел тұрғындарының билікке сенімділігінің деңгейін анықтайды. Яғни, сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық қатынастардың тұрақтылығына қауіп төндіретін қоғамның басты дерті. Онымен күресу, таралу аумағын шектеу әлемнің барлық елдері үшін, соның ішінде, Қазақстан үшін де дамудың негізгі бағыттарының бірі.

Еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары «Қазақстан – 2050» Стратегиясы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы» және өзге де бағдарламалық құжаттар негізінде белгіленген. Осы ретте сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайтудың мақсатты индикаторларына қол жеткізу алгоритмі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда белгіленген. Ол бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесіндегі басты бағдарламалық құжат.

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Күн тәртібінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі түспейді» деп атап өтті. Соған байланысты Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жемісті жұмыс жүргізген Агенттік қызметінің ерекше ролін меңзеп отыр.

Еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының қорытындысы Агенттік дайындаған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы 2019 жылғы ұлттық баяндамада» көрініс тапты. Бұл баяндаманың маңызы зор, себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижелерін көруге мүмкіндік береді.

Баяндамада ел басшыларының негізгі стратегиялық тезистері келтірілген және сыбайлас жемқорлыққа қарсы реттеу саласындағы негізгі оқиғалар сипатталған. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың архитектурасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар, сондайақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықтың аспектілері талданады.

Баяндаманың құндылығы мемлекеттік органдарды, квазимемлекеттік секторды және қоғамдық ұйымдарды есепке алғандағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзара қарым-қатынастардың барлық субъектілері қызметінің нәтижелерін келтіру арқылы айқындалады. Баяндама материалдары жеткілікті дәрежеде ұғымды, құрылымды және көрнекі түрде жазылған.

Біздің еліміз 2019 жылы «Transparency International» халықаралық ұйымы жасаған сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша әлем елдерінің рейтингісінде 113-ші орынды иеленді. 2018 жылмен салыстырғанда ел рейтингте 11 позицияға көтерілді. Осы индекс деңгейі бойынша Қазақстан Орталық Азияда көшбасшы, тіпті, Ресейден 24 позицияға озып отыр. Сондай-ақ, әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі және Doing Business рейтингі сияқты бірқатар басқа да әлемдік көрсеткіштер бойынша позициялардың жақсарғаны байқалады. Менің ойымша, бұл Үкімет пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы қызметінің жоғары прогрессивтілігі мен нәтижелілігін көрсетеді.

Сонымен бірге, баяндамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың құқықтық негіздері, мақсаттары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің институционалдық қайта құрулары көрініс тапқан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты ретінде «барлық қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа тарту және оның кез келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» атмосферасын құру жолымен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету» қарастырылады.

2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту бойынша бірқатар маңызды заңнамалық шаралар қабылданды. Мұнда бағыныштылар арасында сыбайлас жемқорлық көріністері үшін басшылардың жауапкершілігін белгілеу, ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өз міндеттерін жүйелі түрде елемегені үшін басшының жауапкершілігін енгізу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарламалары үшін азаматтарды қолдаудың сараланған жүйесін енгізу қарастырылды. Берілген шаралардың барлығы Коррупцияға қарсы қызметтің назарында және жіті бақылуында.

2019 жылы жедел желілерді жүргізу, азаматтарды қабылдау, интернет-конференциялар мен әлеуметтік желілер арқылы «еститін мемлекеттің» тұжырымдамасы дәйекті түрде іске асырылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшылығы барлық деңгейлерде азаматтарды қабылдау жиілігін ай сайыннан апта сайынға ұлғайтты, сондай-ақ әкімдіктердің қолдауымен «Antikor ortaly story» кеңселерінің фронттары, open-space алаңдары, «Сарыарқа – адалдық алаңы», арнайы мониторингтік топ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттықағартушылық штаб құрылды. Осыған байланысты өтініштер санының 3 есеге өсуі байқалады, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және халықтың сенім деңгейін арттыру бойынша жүргізілген шаралардың тиімділігін көрсетеді.

Саяси ұйымдар, партиялар сыбайлас жемқорлықпен күреске өз үлесін қосуға дайын және енгізуі тиіс. Мысалы, «Nur Otan» партиясы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2025 жылға дейін бағдарламаны» іске асыруды жалғастыруда, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған бастаманың қағаз жүзінде қалып қоймай, шындыққа айналуын бейнелейді.

Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмысты Қазақстан халқы Ассамблеясы, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро, Кәсіподақтар федерациясы, Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталығы және тағы басқа ұйымдар жүргізуде.

Атап өтетіні, 2019 жылы 2245 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 130 бірлікке төмен. Соңғы жылдары тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының тұрақты төмендеуі оң фактор деп ойлаймын. Белгіленген залалдың 92% өтелді, бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің нәтижелі жұмысының көрсеткіші.

ЭЫДҰ-мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық және Стамбул келісімі мониторингінің 4-ші раундын іске асыру шеңберінде 20 ұсыныс бойынша прогреске қол жеткізілді. Және де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобы өкілдерінің және бағалау топтары мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы мен Еуропа Кеңесі арасындағы келісім ратификацияланды.

Сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында Қазақстан GRECO қағидаттарына сәйкес келетін стандарттарды енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бұл халықаралық сарапшылардың бағаларымен, елдің әлемдік рейтингтеріндегі ұстанымдарымен расталады.

Баяндамада 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар жасалған. Олардың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа құралдарын іздеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті цифрландыру, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған тұлғаларды қорғаудың кешенді жүйесін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық ұғымын кеңейту, Дүниежүзілік Банктің әдіснамасы бойынша салалық индикаторлардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы егжейтегжейлі маршруттық карталарын әзірлеу, мемлекеттік сатып алулар саласына блокчейн және мемлекеттік қызметтерді енгізу ұсыныстарын атап өтуге болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қалыптастырған осы ұсыныстар аса құнды деп санаймын және олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ қоғамдық сенімнің деңгейін арттырады.

Жалпы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа деген теріс көзқарас қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы тиімділікті арттыруға және жедел шаралар қабылдауға ерекше назар аударады.

Денис ШАКЕНОВ,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы.