Табиғаттың тағдыры мен тынысы
Табиғатты қорғау – кез келген өңірдің экологиялық тұрақтылығы мен болашағын айқындайтын ең маңызды бағыттың бірі. Қарағанды облысы Қазақстанның орталығында орналасқан ірі өнеркәсіптік аймақ болғандықтан, мұнда экологиялық мәселелер ерекше өзектілікке ие. Қарағанды облысында орман мен жануарлар дүниесін қорғау бағытында жұмыстар күшейтілген. Қыс мезгілінен кейін балықтардың жаппай қырылуы мен киіктердің шығыны тіркеліп, табиғи ортаны сақтау бойынша шұғыл шаралар қолға алынды.

Жануарлар дүниесі де осы экологиялық жүйенің маңызды бөлігі. Қарағанды өңірінде әртүрлі жабайы жануарлар мекендейді. Олардың арасында «Қызыл кітапқа» енген сирек түрлері де бар. Бұл жануарлар табиғи тепе-теңдіктің сақталуына тікелей әсер етеді. Оларды қорғау үшін арнайы инспекциялар мен жедел топтар жұмыс істейді.
Қарағанды облысы шаруашылығының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі жедел тобының басшысы Бекайдар Жакуповтың айтуынша, қыс мезгілінен кейін табиғи ортада белгілі бір қиындықтар тіркелген.
«Қазіргі уақытта қыс кезеңінен шыққан балықтардың жаппай қырылу фактілері байқалуда. Осыған байланысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, өлекселер жиналуда. Мәселен, Осакаров ауданына қарасты Есіл ауылындағы су айдынында бұл бағыттағы жұмыстар жүзеге асырылды», – деді Бекайдар Жакупов.
Қазақстандағы ең маңызды экологиялық тақырыптың бірі – Saiga antelope популяциясының жағдайы. Киіктер – далалық экожүйенің маңызды бөлігі. Соңғы жылдары олардың саны айтарлықтай өсіп, 2019 жылы шамамен 842 мың болса, 2023 жылы 1,9 миллионнан асты. 2024 жылы 2,8 миллионнан асып, 2025 жылы шамамен 3,9 миллион басқа жеткен. Бұл тарихи өсім болып саналады. Алайда, популяцияның күрт өсуі экожүйеге қосымша жүктеме түсіріп, оны реттеу қажеттілігін туындатуда.
Бұл бағытта да белгілі бір мәселелер бар. Жедел топ басшысының айтуынша:
«Сонымен қатар, қыстан аман шыға алмаған киіктердің де белгілі бір бөлігі анықталып, Абай ауданы Топар ауылдық округіне қарасты Сулы Мадина аумағында тиісті шаралар қабылдануда», – деп атап өтті.
Киіктердің жағдайына жұқпалы аурулар, климаттық өзгерістер және адам әрекеті әсер етеді. Сондықтан, олардың популяциясын бақылау және қорғау жұмыстары кешенді түрде жүргізілуі тиіс.
Мамандардың айтуынша, браконьерлік те өзекті. Заңсыз аң аулау жануарлар санына кері әсер етеді. Осыған байланысты бақылау шаралары күшейтіліп, заң бұзушыларға қатаң жауапкершілік қарастырылған.
Соңғы жылдары табиғатты қорғау саласында заманауи технологиялар қолданылып келеді. Дрондар, GPS жүйелері және бейнебақылау құралдары табиғи аумақтарды бақылауды жеңілдетеді.
Қарағанды облысында орман мен жануарлар дүниесін қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, климаттық өзгерістер браконьерлік және табиғи факторлар бұл салада әлі де күрделі мәселелердің бар екенін көрсетеді. Табиғатты сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.
Диляра ЖАҢБЫРБАЕВА,
ҚарҰЗУ II курс студенті



