КоронавирусРесми

113 мыңнан астам қарағандылықтарға карантин кезеңінде біржолғы төлем тағайындалды

5 тамыздағы жағдай бойынша Қарағанды облысының тұрғындарынан 42 500 біржолғы төлем алуға 126 мың өтініш қабылданды, оның 113 442 мақұлданды. Saryarqa телеарнасының тікелей эфирінде жәрдемақы алу ережелері туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Төлеу Мұхтар айтты.

– Шілде айында карантинге байланысты жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге төлем төленеді. Тамыз айында – осы соманың жартысы (21 500). Егер кімде-кім әлі өтініш бермесе, қазір де беруге болады. Бұл жағдайда төлем 63 750 теңге құрайды, – деп атап өтті.

Ол сонымен бірге, жәрдемақы карантин шараларының қатаюына байланысты табысын толық жоғалту жағдайында ғана беріледі.

Жалдамалы қызметкерлер үшін жұмыс берушілер беруі тиіс. Егер жұмыс беруші төлеуден бас тартса, бұл туралы Еңбек инспекциясы бойынша басқармаға (8-7212) 43-20-84 нөміріне хабарласуға болады.

Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар өз атынан өтініш бере алады.

Төлемді 1 қыркүйекке дейін egov.kz. қызмет сайтында ресімдеуге болады.

Басқа материалдар

Back to top button