Спорт

Төрттіктің төрінде

BoxRec порталы P4P рейтингісі бойынша барлық салмақ дәрежесіндегі үздік боксшылардың тізімін жариялады. Одан боксшылардың позициялары айтарлықтай өзгере қоймағаны аңғарылады.

Рейтинг бойынша мексикалық былғары қолғап шебері Сауль Альварес – көш басында. Бүгінге дейін ол 56 жекпе-жек өткізіп, 53-де жеңіске жеткен. Ал, екінші орынға ұлыбританиялық Тайсон Фьюри 30 (21)-0-1 жайғасса, жартылай орта салмақтағы АҚШ боксшысы кіші Эррол Спенс тізімдегі үштікті түйіндеп тұр.

Жерлесіміз Геннадий Головкин 40 (35)-1-1 төртінші орынға табан тірепті. Сондай-ақ, «ТОП10» боксшының қатарында Деонтей Уайлдер (АҚШ), Теренс Кроуфорд (АҚШ), Мэнни Пакьяо (Филиппин), Энтони Джошуа (Ұлыбритания), Василий Ломаченко (Украина) мен Сергей Ковалев (Ресей) сынды саңлақтар бар.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button