«…Баланың біріне бер»

Балаларды қорғау күніне орай – облыстық «Saryarqa jastary» еріктілер штабы ойын алаңдарын қалпына келтіруге, абаттандыруға бағытталған «Барлығы балалар үшін» атты акцияға мұрындық болды.

Акцияға аймақ бойынша 120 ерікті қатысып, 40-қа жуық ойын алаңы қалпына келтірілді, – дейді облыстық еріктілер штабының мүшесі Аида Қайырбекова. Аталмыш шараға «Айткулов М.Т.» ЖШС балмұздақ зауыты мен «DS Metro» ЖШС құрылыс дүкені демеушілік еткен. Сондай-ақ, бүлдіршіндерге 1200 балмұздақ үлестірілді. – Мерекеге орай балаларға жасалған керемет тарту болды деп ойлаймын. Ойын алаңдары да ескіріп, түсін бере бастаған еді. Еріктілер тобы жұмылып, қалпына келтіріп берді, – дейді қала тұрғыны Гүлшат Бекболатова.

Ербол ЕРБОЛАТ.