#Biz birgemiz!

Тиісті көмек көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ бастамасымен құрылған #Bizbirgemiz #NurOtan қайырымдылық республикалық акциясын біз алғашқылардың бірі болып бастадық. Көмек, ең алдымен, аз қамтылған көпбалалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, ардагерлерге, осы қиын уақытта көмекке аса мұқтаж адамдарға берілді.

19 наурыз бен 3 шілде аралығында Қарағанды облысында 13 мыңға жуық азаматқа 207,5 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

9 сәуірден 6 мамырға дейін «Birgemiz-Qaragandy» қайырымдылық қорынан Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының 7 санатты тұрғындарына 1 және 2 транш бойнша 50 мың теңгеден 32057 азаматтарға төленді. Жалпы сомасы – 1 602 850 000 теңге (2 транш).

Мамыр айының соңынан бастап Балқаш, Сәтбаев, Саран, Қаражал, Приозерск, Шахтинск қалалары және Абай, Бұқар жырау аудандарының 9621 тұрғыны үшін жалпы сомасы 481 млн. теңгеге 3 транш бойынша төлемдер берілді. Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандарында 4 транш бойынша 5309 азаматқа 265 млн. 450 мың теңге төлемдер бөлінді.

Қорытындысында 50 мың теңге аударумен жалпы сомасы 2,4 млрд. теңгеге 47 мың адам қамтылды.

Қарағанды облысының көптеген тұрғындары әлеуметтік желілерде Елбасына және партияға көрсетілген көмек үшін алғыс білдірді.

#BizBirgemiz #NurOtan

Басқа материалдар

Back to top button