Әнім саған, Астана

Жақында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Достық» үйінде» Астана қаласының 20 жылдығына орай, «Астана – бейбітшілік пен келісімнің арқауы» облыстық фестивалі өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясынан нәр алып, жаңадан бой түзеген Астанамыз бүгінде көз сүйсіндіретін алып шаһарға айналды. Еліміздің ғана емес,  Еуразияның жүрегіне, жаһандық мәселелерді талқылайтын алаңға айналды. Ол туралы қанша айтсақ та, оның құрметіне қанша іс-шара арнасақ та жарасады. Облыстық фестиваль – Астананың мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған шаралардың бірі ғана.
«Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Шахмарал Қабылованың айтуынша, Елордамызға арналған әлі талай іс-шара жоспарланған екен.
– Арнайы кітап көрмелері, түрлі концерттер, дөңгелек үстелдер, басқа да шаралар өткіземіз деген жоспар бар. Бүгінгі шараға барлық дерлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысуда. Елордамыздың осындай айтулы мерейтойында ән мен жырдан шашу шашып жатыр. Олардың белсенділіктеріне ризашылығымды білдіремін,– деді ол.
Фестивальге арнайы шақырылған Қарағанды қаласының Құрметті азаматы Михаил Орлов – алғашқы жылдары Астананың құрылысына атсалысқан азаматтардың бірі. Қаланың бүгінгі таңда үлкен мегаполиске айналғанын көру – бақыт екенін айтады ол.
– Біздің құрылыс компаниямыз алғашқылардың бірі болып Астананың нысандарын салуға атсалысты,– деп еске алды ол.
– Біз «Бәйтеректің» құрылысына, Мемлекет басшыларының аллеясын, дипломатиялық қалашықты салуға атсалыстық.
Сонымен қатар, тұрғын үйлерді де салдық. Шынын айту керек, алғашқыда Астана әлемдік деңгейдегі қалаға айналады деп елестеткен жоқпыз. Өмірімнің 1314 жылын Астананың құрылыс жұмыстарына арнадым. Бүгінде еңбегіміздің жемісін көріп, кеудемізді мақтаныш кернейді.
Шара барысында концерттік бағдарламадан бөлек, флешмоб ұйымдастырылды.

Жансая ОМАРБЕКОВА,
«Орталық Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.