Бас тақырыпЖаңалықтарРуханият

“Үздік актерлік ансамбль” жүлдесі – Сәкен театрында

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтің туғанына 90 жыл толуына орай Көкшетауда өткен халықаралық театр фестивалінде “Үздік актерлік ансамбль” номинациясымен марапатталды.

Сурет: Сәкен театрынан


Аталмыш өнер жәрмеңкесіне Е.Жуасбектің ”Үйлену” музыкалық комедиялық қойылымын апарған (қоюшы-режиссер Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Н.Жұманиязов) театр ұжымының еңбегін қазылар алқасы жоғары бағалаған.

Комедия жанрындағы қойылымдарға арналған халықаралық театр фестивалі 4 күнге созылып, оған Түркия, Әзербайжан елдерінің де беделді театр ұжымдары қатысқан.

Толығырақ ақпаратты газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button