Жаңалықтар

Білім бәсекесінде басым болды

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері Республикалық пәндік студенттік олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға қол жеткізді.

Сурет: ҚарТУ-ден

Алматы қаласы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында өткен республикалық пәндік олимпиадаға еліміздің әр түрлі университеттерінің 6 командасынан 18 студент қатысты.
Аталмыш білім бәсекесіне Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ-дың студенттері Е.Нартбай, А.Мұсабай, Г.Манаевалар қатысып, жоғары жетістікке қол жеткізді. Олимпиада “Жалпы металлургия”, “Металлургиялық процестер теориясы”, “Металлургиялық процестер технологиясы” атты үш пән бойынша өтті.
Студенттер осы берілген пәндер бойынша тапсырмаларды 3 сағат ішінде орындаулары тиіс еді.
Олимпиада қорытындысы бойынша ҚарТУ студенті Айбек Мұсабай үздіктер қатарына еніп, ІІ орынға ие болды.
Топ жетекшісі Нұрлан Берікұлы мен қатысушы студенттер Алғыс хаттармен марапатталды.

                                                                                                                                 Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button