АбайАймақ

Көзге түскендер құрметтелді

Бүгін Абай ауданының әкімдігінде Отан қорғаушылар күніне орай өткен дөңгелек үстел басындағы кездесуде биыл елімізде болған су тасқыны кезінде көзге түскен құтқарушылар,тәртіп сақшылары,волонтерлер,еңбек адамдары мен тұрғындарға құрмет көрсетілді.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Оларды келе жатқан мерекемен құттықтаған Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов:

– Өздеріңізге белгілі,қардың күрт еруіне байланысты біздің аймақта да апат белгілері байқалып,шұғыл түрде қабылданған шаралардың,бәріміздің бірлесе қимылдауымыздың арқасында оны еңсердік,-дей келе сол сын сағатта қатты қажыр-қайрат көрсеткендерге аудан әкімінің Алғыс хатын тапсырды.Бұл марапатқа ие болғандардың арасында “Бас Карьер” ЖШС тиегіш-машинистері В.Вельмакин,О.Қожабеков, “Жігер-Су” КМК жүргізушілері Г.Вовченко,А.Бекмұратов, “Эйваз” ШҚ басшысы Э.Абдуллаев,Құлайғыр ауылының тұрғындары Т.Әбілғазин,Ж.Батырбеков, Самар ЖБОМ аспазы О.Руль және басқалар бар.

Кездесу соңында жиналғандар Айсұлу Әділбекова мен Баянды Төлеутайдың қосыла шырқаған әндерін тыңдап,аудандық Мәдениет үйі вокалдық тобының өнерін тамашалады.

Ержан Имаш
Абай ауданы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button