Спорт

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің қалай өткенін айтты

WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы қарсыласы Дэнзель Бентлимен болған жекпе-жек жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Ortalyq.kz сайты Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәнібек ӘЛІМХАНҰЛЫ

«Чемпиондарға тура осындай 12 раундқа созылған қиын айқастар да керек. Қарсылас қатты таңғалдырды деп айта алмаймын. Оны өте құрметтеймін. Мені зерттеп, үлкен дайындықпен шыққаны байқалады.  Бүгін жиналған қауым да, жаттықтырушыларым да, өзім де әлі талай жұмыс атқару керектігін түсіндік. Тыңғылықты дайындалып, бүгінгіден де күшті болып ораламын. Теледидар алдындағы, спорт кешеніндегі, жалпы мені қолдаған бүкіл қазақ еліне алғыс айтамын», – деді Жәнібек Әлімханұлы.

 

Басқа материалдар

Back to top button