Спорт
Өзі қойған рекордын өзі жаңартты
Ә.Молдағұлова атындағы олимпиадалық резервтегі мектеп-интернат-колледжінің тәрбиеленушісі Ксения Игнатова жүзуден өткен ел чемпионатында бақ сынап, рекорд жаңартты.
Жерлесіміз шалқалап жүзуден 200 метр қашықтықты 02:14,17 бағындырып, ел рекордын орнатты. Сонымен қатар, Грецияның Афина қаласында өткен Acropolis swim open-2023 халықаралық жүзу турнирінде сынға түсіп, қазақстандықтардың арасында бұған дейін өзі қойған рекордын жаңартты. Халықаралық байқауда 200 метр қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Және де 200 метр және 100 метр қашықтықта кешенді жүзуден тағы екі қола медаль иеленді.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz