Жаңалықтар

Жымқырғанға – жазасы

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру спорт орталығы» КМҚК еңбекақыны есептеу мен аудару мәселесі бойынша келіп түскен шағым-арыз негізінде бақылау жүргізді. Аудиттің қорытындысы бойынша бас бухгалтерге негізсіз 2156,8 мың теңге аударылғаны анықталды.

2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 2016 жылдың 30 сәуірі аралығында банктік көшірмелері мен еңбекақы есептеу ведомосын салыстыру арқылы жүргізілген тексерістің нәтижесінде, («заңды ұйымдарға Интернет-банкинг» жүйесі арқылы электронды банк операцияларына кіруге рұқсаты болған) бас бухгалтер өзінің жеке карт-шотына еңбекақы есебінде 2156,8 мың теңге соманы негізсіз аударған.

Бұдан басқа, аудит барысында кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу бойынша жалпы сомасы 940,4 мың теңгені құрайтын өзге де заң бұзушылықтар анықталды.

Материалдың қорытындысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті тарапынан ҚР ҚК 189 бабы 1 бөлігімен 21 қыркүйекте қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button