Шахтинск

Жылыжай тұрғызылуда

     Шахтинск қаласына қарасты Долинка кентінде жылыжай құрылысы аяқталуға жақын. Жаңа нысанның аумағы – 1000 шаршы метр.

Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде.  Тың шаруаға бел шеше кіріскен кәсіпкер Кәзімжан Әзімов мемлекеттен 6 млн. теңге қаржы алған. Қазір құрылыс жұмыстары тәмамдалып келеді. Нысанның корпусы қалқайып, жылыту жүйесі тартылуда.

Мұнда кәсіпкер, әзірге, қияр өсірмек. Келешекте түрлі көкөніс өнімдерін өндіруді жоспарлауда. Сондай-ақ, жылыжай кешенін кеңейтіп, көкөніс қоймасын тұрғызбақ.

Нұрқанат ҚАНАФИН

ШАХТИНСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button