Абай

Жылу науқанына әзірлік мығым

Жылу маусымына әзірлік биылғы жылы жоспарға сай орындалып келеді. Биылғы жылы жылу жүйелерін жаңғырту «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы арқылы жүзеге асуда. Соған сәйкес, «Бамовская» сорғышынан (№7 павильон) сорғы станциясынан «ЖК – 14-ке» дейін қолданыстағы жылу трассасын ауыстыра отырып, 2078 метрге созылған магистральді жылу жүйесін қайта құру және 34,2 шаршы метрлік «ЖК – 14» жылу камерасын салу жұмыстары жүргізілуде.

«Абай жылу жүйелері» ЖШС-нің тапсырысы бойынша, «Агропромремстрой» компаниясы бас мердігер ретінде жоспар бойынша белгіленген жұмыстардың барлығын да кестеге сәйкес орындап келеді. Жалпы сомасы 398 млн. 471 мың теңгені құраған күрделі жөндеу жұмысы биылғы мамыр айында басталған болатын. Енді, кесте бойынша жұмыстың аяқталар уақыты қазан айы болғанымен, басшылық өкілі «Барлық жұмысты жылу беру маусымына дейін тәмамдаймыз», – дейді.

Сондай-ақ, орамішілік жылу таратушы жүйелердегі ақау толығымен жойылған. Қала ішіндегі Гете, Степная-7, Школьная, Энгельс көшелері бойындағы жылу желілерінің ағымдық жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, магистральды жылу желілеріндегі ақаулар жойылған.

Жалпы, 2012-2014 жылдар аралығында Абай қаласында 201 дана жалпы жылу құрылғылары орнатылған. Дәл қазіргі уақытта бұл құрылғылардың 184-і қайта жөндеуден өтіп, электр көзіне қосылған.

Алайда, өзекті мәселелер де жоқ емес. Бұл тақырып, әсіресе, жеке меншік сектордағы тұрғын үйлерге қатысты. Жылу құбырларына тығырық орнату әлі күнге дейін бір жолға қойылмаған.

25 тамыздан бастап Топар – Абай магистраліне су жіберу басталады. Одан кейін қалаішілік жылу құбырлары толтырылады. Бұған бір ай уақыт кетеді. Бастысы, барлық жұмыстар дер кезінде кестеге сай орындалса, алаңдауға негіз жоғын айтады жылу беру мекемелерінің басшылары.

Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button